ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Ресей мен Украина бейсенбі күні түні бойы жасалған шабуылдарға байланысты бір-бірін айыптады. Бұл шабуылдар салдарынан кемінде үш адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланды.
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Өрт сөндірушілер ресейлік дрон соққысына ұшыраған жанармай құю бекетінде. Киев, Украина, 2026 ж 10 қыркүйек. / Reuters

Ресей мен Украина бейсенбі күні түні бойы жасалған шабуылдарға байланысты бір-бірін айыптады. Бұл шабуылдар салдарынан кемінде үш адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланды.

Сумы облысының губернаторы Олег Григоров қала орталығындағы сауда орталығына Ресей жасаған шабуыл салдарынан екі адамның қаза тауып, 20 адамның жараланғанын мәлімдеді.

Николаев облысы губернаторының міндетін атқарушы Георгий Решетилов Ресейдің порт, өнеркәсіптік және азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған шабуылдары салдарынан төрт адамның қаза тауып, 19 адамның жараланғанын хабарлады. Сондай-ақ Киев және Днепропетровск облыстарында адамдардың жараланғаны, үйлер мен қоймаларға зақым келгені айтылды.

Украина Әуе күштері түні бойы Ресейдің 149 ұшқышсыз ұшу аппаратының (ҰҰА) 128-ін атып түсіргенін мәлімдеді. Ал Ресей Қорғаныс министрлігі Николаевтағы ҰҰА қоймасы мен Одесса маңындағы кедендік тарату орталығын қоса алғанда Украина әскерімен байланысты инфрақұрылым нысандарын және екі жүк кемесіне соққы бергенін мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді

Ресей өз әуе қорғанысы жүйелері түні бойы Украинаға тиесілі 448 ҰҰА-ны атып түсіргенін хабарлады. Украина болса Ресейдің Ямал-Ненец аймағындағы мұнай өңдеу зауытына және Дағыстандағы портқа шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Украина президенті Владимир Зеленский украин күштері соңғы тәулік ішінде Ресейдің сегіз инфрақұрылым нысанын соққыға бергенін айтты.

Екі тараптың да мәлімдемелері тәуелсіз дереккөздер арқылы расталған жоқ.

Логистикалық, порттық және энергетикалық нысандарға жасалатын шабуылдар күшейгеніне қарамастан екі тарап та азаматтық инфрақұрылымды қасақана нысанаға алды деген айыптауларды жоққа шығарып келеді.

Зеленский сондай-ақ осы аптада Норвегия мен Исландияны да қамтитын кең ауқымды сапары аясында әуе қорғанысын қолдау және қысқа дайындық мәселелерін талқылау үшін бейсенбі күні Канадаға келді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Фолькер Тюрк жаһандық дағдарыстарға байланысты үндеу жасады
Іздеу
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
ХАМАС Израильді Газа геноцидінің дәлелдерін жасыруға тырысты деп айыптайды
Жаңа Делиде көпқабатты ғимарат опырылып, бес адам қаза тапты
Израиль Ливанға соққы берді
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1300-ден асты
АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікпен бір кемені батырды
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым