Сәрсенбі күні жарияланған ресми мәлімет бойынша, өткен аптада Қытай-Непал шекарасында болған тасқын мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті. Шамамен 4 500 адам әлі із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Непалдың Апат қаупін азайту және басқару жөніндегі ұлттық басқармасы 26 тамызда елде болған жойқын су тасқынынан кейін 1 114 адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Басқарманың мәліметінше, 292 адам жарақат алып, 3 916 адам хабар-ошарсыз кеткен.
Билік су тасқынынан зардап шеккен аудандардан шамамен 12 мың адамның құтқарылғанын мәлімдеді. Іздеу-құтқару жұмыстарына қолдау көрсету үшін әскерлер мен полицияны қоса алғанда 21 мыңнан астам қауіпсіздік қызметкері жұмылдырылған.
Непалда су тасқынынан шамамен 1,6 миллион адам зардап шекті.
«Xinhua News» агенттігінің хабарлауынша, шекараның Қытай жағында кемінде 16 адам қаза тауып, 546 адам із-түзсіз жоғалған.
Қытайда жоғалғандар арасында 261 шетел азаматы бар.





















