Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның әскери мақсатта пайдаланылатын логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасағанын мәлімдеді.
Министрлік таратқан мәлімдемеде Ресей күштерінің Украинадағы әскери нысандарға жоғары дәлдіктегі қару-жарақ пен дрондар арқылы шабуылдарын жалғастырып жатқаны айтылды.
ҰСЫНЫЛҒАН
Мәлімдемеге сәйкес, Киев облысында әскери мақсатта пайдаланылған үш логистикалық орталыққа соққы жасалған. Сондай-ақ Черноморск портында және Қаратеңізде әскери жүк тасымалдаған екі кеме нысанаға алынған.
Сондай-ақ министрлік Одесса портындағы әскери қоймаларға да соққы жасалғанын хабарлады.





















