Иран билігі АҚШ-тың кеше кешкісін басталып, таңға дейін жалғасқан шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тауып, 76 адамның жараланғанын хабарлады.
Хормозган уәлаяты губернаторының орынбасары Ахмед Нефиси АҚШ-тың Сирик ауданына қарасты Кухештек қаласында той өтіп жатқан үйге соққы жасауы салдарынан 4 адамның қаза тауып, 68 адамның жараланғанын мәлімдеді.
Хузестан уәлаяты губернаторының орынбасары Велиуллах Хаяти кеше түнде аймақтағы үш нысанға жасалған зымыран шабуылдарынан 7 адамның қаза тауып, 8 адамның жараланғанын айтты.
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының мәлімдемесінде Керманшах уәлаятында Әуе-ғарыш күштеріне қарасты 4 әскери қызметкердің қаза тапқаны, ал Лаван аралына жасалған шабуылдан «Басидж» күштерінің 3 мүшесі мерт болғаны айтылды.
АҚШ Орталық қолбасшылығы кеше кешкісін Ирандағы Ислам революциясы сақшылар корпусының нысандарына шабуыл бастағанын хабарлаған еді.





















