АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі контрабандасын қолдау үшін жылжымалы жанармай құю бекеті ретінде қызмет еткені алға тартылған кемені суға батырды.
АҚШ-тың Оңтүстік қолбасшылығы бұл туралы «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Мәлімдемеде Тынық мұхитының шығысында есірткі контрабандасына қолдау көрсету үшін пайдаланылды деген күдікпен бір кемеге қарсы операция жүргізілгені айтылды.
АҚШ әскерлері кемеге көтеріліп, тінту жүргізген. Кемедегілер Эквадорға жеткізілгеннен кейін кеме батырылған.
АҚШ тарапының мәлімдеуінше, барлау деректері қайықтың Эквадордағы ең ірі қылмыстық топтардың бірі «Los Choneros» тобын қолдағанын көрсеткен.
Соңғы уақытта АҚШ әскерінің Кариб теңізі мен Тынық мұхитында есірткі контрабандасымен айналысты деген күдікпен кейбір кемелер мен олардың ішіндегі адамдарды тікелей нысанаға алуы халықаралық қауымдастықта «сотсыз жазалау» туралы пікірталас туғызды.



















