ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Израиль әскерлері мен Палестина жерін басып алған израильдіктер Батыс Шериядағы бір ауылға шабуыл жасап, салдарынан екі палестиналық қаза тапты.
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді

Мугайир ауылдық кеңесінің төрағасы Эмин Әбу Алия Палестинаның «WAFA» ресми агенттігіне берген мәлімдемесінде Израиль әскерлері мен Палестина жерін басып алған израильдіктердің Рамалла маңындағы Мугайир ауылына басып кіргенін мәлімдеді.

Әбу Алия Израиль әскерлерімен бірге ауыл орталығына қарай жылжыған израильдіктердің палестиналықтарға тиесілі екі үйге шабуыл жасап, олардың қойларын ұрлап әкеткенін жеткізді.

Оның айтуынша, Израиль армиясының мергендері ауыл орталығындағы ғимараттарға орналасқан. Қойларды ұрлаған израильдіктер мен жергілікті тұрғындар арасында жанжал туындаған кезде әскерлер оқ атқан.

Әбу Алияның мәліметінше, атылған оқтан екі жас палестиналық ауыр жараланған. Олар медициналық көмекке қарамастан көз жұмған.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәлімдемеде: «Израиль армиясының Мугайир ауылына оқ жаудыруы салдарынан 19 жастағы Омар Мұхаммед Наджи Наасан мен 16 жастағы Халил Расим Халил Шахаде қаза тапты», – делінген.

Іздеу
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
«Филенің сұлтандары» Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты
Әділет министрі Гүрлек грек әріптесі Флоридиспен кездесті
Президент Ердоған Путинмен кездесті
Түрік қорғаныс өнеркәсібі әлемдік алыптармен бәсекелесуде
Президент Ердоған: «Түркия бейбітшілік пен тұрақтылық үшін күш салады»
Әзербайжан президенті Әлиев: «Оңтүстік Кавказ бейбітшілік аймағына айналуда»
"АҚШ президенті Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким "кез келген уақытта" кездесуі мүмкін"
СКТР-де аударылған кемеден 20 адамды іздеу жұмыстары жалғасуда
Ресей: «Украинаның энергетика, әскери және порт нысандарын нысанаға алдық»
«Егер АҚШ міндеттемелеріне қайта оралса, Иран да дереу тиісті қадам басады»