ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Польшада бастауыш мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ошақтарында ұялы телефон пайдалануға қатысты жаңа ереже бүкіл ел бойынша күшіне енді.
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым күшіне енді

Польшаның «TVP World» қоғамдық хабар таратушысының мәліметінше, жаңа оқу жылының басталуымен ел аумағындағы бастауыш мектеп оқушыларына сабақ, үзіліс және басқа да мектеп шаралары кезінде телефон мен соған ұқсас электронды құрылғыларды пайдалануға рұқсат берілмейді.

Ал мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі балаларға мұндай құрылғыларды мектепке алып келуге де тыйым салынған.

Ережеде телефондарды білім беру мақсатында пайдалану, төтенше жағдайларда ата-аналармен байланысу, денсаулыққа немесе өмірге тікелей қауіп төндіретін жағдайлар, сондай-ақ кейбір медициналық немесе арнайы қажеттіліктер үшін ерекше жағдайлар қарастырылған.

Лицей деңгейіндегі мектептер жалпыұлттық бұл шектеудің аясына кірмейді, дегенмен бұл мектептер де өз ішкі ережелері арқылы оқушылардың ұялы телефон пайдалануын реттей алады.

Бұл ереже балалардың ғаламтордағы зиянды контенттің әсеріне ұшырауын азайтуға бағытталған үкіметтің кең ауқымды науқанының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар Польша үкіметі 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына қатысты жаңа заңнамалық ереже әзірлеп жатқанын хабарлаған еді.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев: «Оңтүстік Кавказ бейбітшілік аймағына айналуда»
СКТР-де аударылған кемеден 20 адамды іздеу жұмыстары жалғасуда
Президент Ердоған ШЫҰ Мемлекет басшыларының саммитінде отбасылық суретке түсу рәсіміне қатысты
Отандық жүрдек пойыз 250 км/сағ жылдамдықпен рекорд жаңартты
Нью-Йорктегі Таймс-скверде қанды шабуыл жасалды
Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады
Израиль Сирияның оңтүстігіндегі ауылға рейд жасады
Министр Хакан Фидан мен Яшар Гүлер Бішкекке аттанды
Түркияның Түркі мемлекеттерімен сауда көлемі 10,1 миллиард долларға жетті
Шығыс Иерусалимдегі мектептер Израильдің қысымы салдарынан жаңа оқу жылын бастай алмады
Түркияның баскетболдан ерлер құрамасы Әлем кубогына қатысады
АҚШ Ирактың қауіпсіздігін қолдау үшін 800 миллион долларлық сауданы мақұлдады
ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы Бішкекте басталды
Президент Ердоған Әзербайжан президенті Әлиевпен кездесті
Халықаралық Яхта Жарыстарының Жеңіс Кубогы кезеңі аяқталды