ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Палестинаны азат ету ұйымына қарасты Апартеид қабырғасы мен еврей қоныстарына қарсы күрес кеңесі Израиль билігінің басып алынған Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды көздейтін 13 жоспарды қарастырып жатқанын хабарлады.
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Бір еврей елді мекені

Кеңес таратқан мәлімдемеде бұл қадамның Батыстың 12 елі еврей қоныстарынан жеткізілетін өнімдерге шектеу енгізу туралы шешім қабылдап, Израильді еврей қоныстарын кеңейтуді тоқтатуға шақырғаннан кейін бірден жасалғанына назар аударылды.

Мәлімдемеде Нетаньяху үкіметі 2022 жылдың соңында билікке келгеннен бері 104 жаңа еврей қонысын мақұлдап, ауыл шаруашылығына бағытталған 160 еврей қоныстану ошағын құрғаны еске салынды.

Сондай-ақ Бейт-Лахмдағы «Маале-Амос» қонысына 365, ал Рамаллаһтағы «Талмон» қонысына 200 жаңа тұрғын үй салуды көздейтін 13 жоспардың түпкілікті мақұлдау және іске асыру кезеңіне жеткені айтылды.

Күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі саналатын жаңа стратегия аясында Рамаллаһ пен Наблус шекарасында «Амихай», Иерихонда «Эйн-Йитав» және Женин аумағында «Маоз-Цви» атауларымен жаңадан үш еврей қонысын құру жоспарланып отырғаны хабарланды.

«Жалпы аумағы 112,5 гектар жерде 749 тұрғын үй салуды көздейтін бұл жобалармен қатар Салфит қаласындағы «Педуэль» қонысына 95, ал «Алей-Захав» қонысына 259 жаңа тұрғын үй қосу арқылы аймақтағы қоныстарды кеңейту жоспарланып отыр», – делінген мәлімдемеде.

Кеңес мәлімдемесінде басып алынған Шығыс Иерусалимдегі «Гиват-Зеэв» еврей қонысына да екі тұрғын үй қосылатыны атап өтілді.

Кеңес бұл қадамдардың Израиль саясатының тек қолданыстағы қоныстарды кеңейтумен шектелмей, Батыс Шерияның бүкіл аумағында мүлдем жаңа әрі тұрақты еврей қоныстану орталықтарын құруға бағыт алып отырғанын көрсететінін мәлімдеді.

Халықаралық құқыққа сәйкес, Израиль 1967 жылы басып алған Батыс Шерия болашақ Палестина мемлекетінің аумағы ретінде қарастырылады, ал Израиль бұл аумақта басқыншы держава мәртебесіне ие.

Басқыншы державаның өзі басып алған аумаққа өз халқын қоныстандыруы және ондағы меншік қатынастарына өзгерістер енгізуі халықаралық құқыққа қайшы деп есептеледі.

Соған қарамастан Тель-Авив әкімшілігі соңғы жылдары басып алынған Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарды кеңейту және жаңа қоныстар салу жұмыстарын жеделдетті.

Іздеу
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді
Зеленский: «АҚШ Ресей мен Украина арасындағы соғысты бәсеңдетуге күш салып жатыр»
Араб коалициясы хоуситтердің шабуылдарына қарсы шара қабылдайтынын айтты
Катар АҚШ-Иран дағдарысын аймақтық диалог арқылы "біртіндеп еңсеруді" көздейді
ХАМАС Израильді Газа геноцидінің дәлелдерін жасыруға тырысты деп айыптайды
Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан алты адам жараланды
Фолькер Тюрк жаһандық дағдарыстарға байланысты үндеу жасады
Ресей: «Германия Бонндағы Бас консулдығымызды негізсіз сылтаумен жапты»