ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Цзоань елді мекенінде екі адамның, ал Танху елді мекенінде тағы бір адамның мәйіті табылды.
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Құтқарушылар лай көшкінінен кейін аман қалғандарды іздестіруде, Минкэн ауылы, Цзянси, Қытай, 6 қыркүйек 2026 жыл. [Сурет: Xinhua via AP]

Мемлекеттік БАҚ- тың хабарлуынша, іздестіру-құтқару топтары өткен демалыс күндері Цзянси провинциясында нөсер жауын салдарынан болған көшкіндерден кейін тағы бір адамның мәйітін тапты. Осылайша қаза тапқандар саны 16-ға жетті.

Адам шығыны «Саудел» тайфуны Қытайдың шығыс жағалауына жеткеннен кейін бірнеше күн бойы толассыз жауын жауған Суйчуань ауданындағы үш елді мекенде тіркелді.

Қытайдың мемлекеттік “CCTV” телеарнасы интернетте жариялаған хабарында Гаопин елді мекенінде болған лай көшкінінен 13 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Цзоань елді мекенінде екі адамның, ал Танху елді мекенінде тағы бір адамның мәйіті табылды.

“Xinhua” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Суйчуань ауданында 18 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Бұған дейін мемлекеттік БАҚ тайфун әкелген нөсер жауын салдарынан көршілес Хунань провинциясында да екі адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.

“CCTV” хабарында адам шығынының нақты себебі көрсетілмегенімен, нөсер жауынның көшкіндер мен басқа да табиғи апаттарға әкелгені айтылды.

«Саудел» тайфуны 28 тамызда Чжэцзян провинциясының жағалауына екі рет, ал 3 қыркүйекте Фуцзянь провинциясының жағалауына шыққан болатын.

Цзянси мен Хунань провинциялары жағалауда орналасқан Чжэцзян және Фуцзянь провинцияларынан елдің ішкі бөлігіне қарай орналасқан.

Іздеу
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді
Зеленский: «АҚШ Ресей мен Украина арасындағы соғысты бәсеңдетуге күш салып жатыр»
Араб коалициясы хоуситтердің шабуылдарына қарсы шара қабылдайтынын айтты
Катар АҚШ-Иран дағдарысын аймақтық диалог арқылы "біртіндеп еңсеруді" көздейді