“Binance” криптовалюта платформасы ауқымды кибершабуылға ұшырағанын және активтердің ұрлануына жол бермеу мақсатында 2,5 миллиард доллардан астам қаражат бұғатталғанын мәлімдеді.
Күнделікті сауда көлемі бойынша әлемдегі ең ірі криптовалюта биржасы саналатын компания бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде кейбір өнімдер бойынша операцияларды уақытша тоқтатқанын хабарлады.
Соған қарамастан компания пайдаланушылардың қаражаты толық қорғалғанын атап өтті.
Көптеген сарапшы аса ірі көлемдегі активтер ұрланған болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Қазір компанияны басқаруға қатыспаса да, оның бақылау пакетінің иесі болып қала беретін “Binance” компаниясының бұрынғы бас директоры Чанпэн Чжао: «Бұл Binance платформасына жасалған кибершабуылға ұқсайды», – деді.
“USDT” криптовалютасын шығаратын “Tether” компаниясының бас директоры Паоло Ардоино өз компаниясының «Binance биржасына жасалуы мүмкін кибершабуылға байланысты» шамамен 1,6 миллиард долларды бұғаттағанын мәлімдеді.
Ал “Circle” компаниясының басшысы Джереми Аллер компаниясының 800 миллион доллардан астам “USDC” активін бұғаттағанын хабарлады.

























