ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Канада АҚШ-пен сауда келіссөздерін жеделдетуге ниетті
Трамп әкімшілігі Канаданы америкалық өнімдерге қатысты әділетсіз саясат ұстанды деп айыптап, Канададан импортталатын тауарлардың басым бөлігіне 50 пайыздық кедендік тариф енгізді.
Канада АҚШ-пен сауда келіссөздерін жеделдетуге ниетті
Канада АҚШ-пен сауда келіссөздерін жеделдетуге ниетті. / AP Archive

Трамп әкімшілігі Канаданы америкалық автокөліктерге, алкоголь өнімдеріне және сүт өнімдеріне қатысты әділетсіз саясат ұстанды деп айыптап, Канададан импортталатын тауарлардың басым бөлігіне 50 пайыздық кедендік тариф енгізді.

Канада премьер-министрі Марк Карни АҚШ президенті Дональд Трамптың Канадаға қатысты жаңа кедендік тарифтерді жариялағаннан кейін Оттаваның Вашингтонмен сауда келіссөздерін тереңдетуге дайын екенін мәлімдеді.

Карни АҚШ әкімшілігінің Канададан әкелінетін көптеген тауарға 50 пайыздық кедендік тариф енгізу жоспарына қатысты:

«Бұл – АҚШ-тың Канада–АҚШ–Мексика келісімін (CUSMA) тікелей бұзып қабылдаған кезекті біржақты сауда шарасы», – деді.

Ол Канаданың Вашингтонның сауда қатынастарын қайта қалыптастыру үдерісі аясындағы келіспеушіліктерді шешу үшін бірнеше ұсыныс жасағанын айтып,

«Біз бұл келіссөздерді одан әрі жандандыруға дайынбыз», – деп қосты.

Бұған дейін Трамп әкімшілігі Канада америкалық автокөліктерге, алкогольді ішімдіктерге және сүт өнімдеріне қатысты әділетсіз кемсітушілік жүргізіп отыр деп мәлімдеп, Канададан импортталатын тауарлардың басым бөлігіне 50 пайыздық кедендік тариф енгізген болатын.

338-бап

Бұл шешімге түсініктеме берген канадалық жоғары лауазымды шенеуніктің айтуынша, Канада Трамп бұған дейін енгізген кедендік тарифтерге жауап ретінде қарымта шаралар қабылдаған санаулы елдердің бірі болғандықтан, соның салдарын тартуға тиіс.

Шенеуніктің айтуынша, Трамп аталған тарифтерді күшіне енгізу үшін 1930 жылғы Сауда туралы заңның 338-бабы негізінде үш президенттік жарлыққа қол қойған.

Өткен жылы АҚШ Конгресіндегі бірқатар демократ заң шығарушы Трамп бұл бапты экономиканы тұрақсыздандыру мақсатында пайдалануы мүмкін екенін айтып, аталған норманың күшін жоюды ұсынған еді.

Жаңа 50 пайыздық кедендік тарифтер энергия өнімдеріне, калий тұздарына (поташ), балық өнімдеріне және стратегиялық маңызы бар минералдарға қолданылмайды.

Алайда бұған дейін АҚШ–Мексика–Канада келісімі (USMCA) аясында кедендік баждан босатылған тауарлар жаңа тарифтердің ауқымына енгізіледі.

2020 жылы күшіне енген бұл сауда келісімінің мерзімі жуырда аяқталды. Қазіргі уақытта тараптар 2036 жылға дейін жалғасуы мүмкін жаңа келіссөздер кезеңін бастап кетті.

Сондай-ақ шенеунік Трамптың кеңесшілеріне Канададағы орман өртінің АҚШ-тағы ауа сапасына кері әсер етуіне байланысты Канадаға қарсы қосымша кедендік тариф енгізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырғанын айтты.

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
Батыс Еуропада «Google»-дың бұлттық қызметінде техникалық ақау тіркелді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді