ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Түрік Әуе Жолдары Чэнду қаласына тұрақты рейстерін 11 қарашада бастайды.
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
(АРХИВ) THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэндуды қосады

Түрік Әуе Жолдары (THY) Қытайдың маңызды экономика, технология және туризм орталықтарының бірі Чэнду қаласына тұрақты рейстерін 11 қарашада бастайды.

Түрік Әуе Жолдарының Коммуникация департаменті хабарлағандай, Чэнду қаласы Пекин, Шанхай және Гуанчжоудан кейін компанияның Қытайда рейс орындайтын төртінші қаласы болмақ.

Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы әрі 21 миллионнан астам халық саны бар Қытайдың жетекші қалаларының бірі Чэнду электроника, автомобиль жасау, авиация, биотехнология және жасанды интеллект салаларында жұмыс істейтін көптеген халықаралық компанияға мекен болып отыр.

ЮНЕСКО тарапынан «Гастрономия қаласы» атағы берілген шаһар Сычуань тағамдарымен қатар, алып пандалардың табиғи өмір сүру аймағы саналатын Чэнду Алып пандаларды өсіру және зерттеу орталығында да жыл сайын миллиондаған туристі қабылдайды.

Рейстер “Boeing 787-9 Dreamliner” ұшағымен жүзеге асырылады

Стамбул–Чэнду бағытындағы рейстер сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері, ал Чэнду–Стамбул рейстері дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері болып, аптасына 3 жиілікпен орындалады.

Чэнду Тяньфу халықаралық әуежайына ұйымдастырылатын рейстерде 30 бизнес-класс және 270 эконом-класс, жалпы 300 орындық “Boeing 787-9 Dreamliner” типті ұшақтар пайдаланылады.

Алғашқы рейс 11 қарашада жүзеге асырылады.

Стамбул әуежайынан «TK226» рейс нөмірімен сағат 02:05-те аттанатын ұшақ жергілікті уақытпен сағат 15:40-та Чэндуға жетеді. Чэндудан «TK227» рейс нөмірімен орындалатын алғашқы кері қайту рейсі 12 қараша күні сағат 00:45-те басталып, ұшақ сағат 05:55-те Стамбул әуежайына қонады.

Бағыттың ашылуына орай ұйымдастырылған арнайы науқан аясында Стамбул–Чэнду және Чэнду–Стамбул бағыттары бойынша эконом-класс екі жаққа билет 540 доллардан, ал Бизнес-класс билеттері 1991 доллардан басталатын бағамен сатылымға шығарылады.

Іздеу
Түркия, Әзербайжан және Өзбекстан бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізуде
Қазақстанда өткен әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметкер қаза тапты
Украинада 50-ден астам азаматтық нысан зақымданды
286 күндік миссия: АҚШ теңізшілерінің психикалық жағдайы алаңдатты
Түркия құрамасы Ұлттар лигасын Францияға қарсы матчпен бастайды
Президент Ердоған Түркия–АҚШ Іскерлік кеңесінің отырысына қатысты
АҚШ президенті Трамп Қытай төрағасы Сиді әуежайда қарсы алды
Президент Ердоған Ирак премьер-министрі Әли әз-Зейдиді қабылдады
Ливан президенті Аун Сирия министрлерінен құралған делегацияны қабылдады
«ROKETSAN»-ның «KARAOK» жүйесі алғаш рет әуедегі нысананы жойды
Украинадан эвакуацияланған Ахыска түріктері Түркия азаматтығын алды
Ұлыбритания премьер-министрі Бернхэм: «Газа мен Батыс Шериядағы жағдайға үнсіз қалмаймыз»
Трамп: "Газаға миллиардтаған доллар көмек көрсетіледі"
Боксшы Хатидже Акбаш Еуропа чемпионатының жартылай финалында
Түрік үйінде Түркия–Сирия–Сауд Арабиясы кездесуі өтті