АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарынан басталған соғыстың «соңғы кезеңіне» кіргендерін мәлімдеп, мақсаттарының «Тегеран жалғыз қалғанға дейін оның барлық экономикалық мүмкіндіктерін шектеу» екенін айтты.
Скотт Бессент “X” әлеуметтік желісіндегі парақшасында Иранға қатысты мәлімдеме жасады.
Бессент АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранның әскери әлеуетін, әскери зауыттарының барлығына жуығын және ядролық бағдарламасын «жойғанын» алға тартып,
«Енді біз соңғы кезеңге кіріп отырмыз. Таң атқанда дұшпанға қарсы бұрын-соңды жасалған ең ауқымды қаржылық шабуыл басталады», - деді.
Бессент Иран «бопсалауды қауіпсіздік кепілдігі ретінде көрсетіп, сол арқылы өз тіршілігін сақтап отыр» деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Тегеран «қарымта соққы беруді сөзсіз нәрсе, ал АҚШ санкцияларын келіссөз арқылы өзгертуге болатын мәселе деп санайды» деген пікір білдірді.
Бессент Трамп әкімшілігінің келуімен бұл кезеңнің «аяқталғанын» айтып,
«Тегеранға қарсы шығудың салдарынан қауіптенетіндер Вашингтонның шыдамын сынаудың қандай құны бар екенін де естен шығармауы керек», - деді.
Скотт Бессент Трамптың көпшілік тіпті ойламаған түрлі өкілеттіктер мен шараларды қолдануына мүмкіндік беретін жағдай қалыптастырғанын атап өтті.
«Біздің мақсатымыз — Тегеран жалғыз қалғанға дейін осы қатыгез режимді ұстап тұрған барлық экономикалық тірек көздерін үзу», - деді Бессент.




















