ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
АҚШ Қаржы министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, елдің жалпы қарызы алғаш рет 40 триллион доллардан асты.
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
АҚШ-тың мемлекеттің қарызы 40 трлн доллардан асты, ал пайыздық шығындар федералды бюджетке салмақ түсіруде. / Reuters

Қаржы министрлігінің күнделікті қаражат пен қарыз баланстары жөніндегі соңғы мәліметі бойынша, сейсенбідегі жағдаймен жалпы мемлекеттік қарыз 40,047 триллион долларды құрады. Бұл көрсеткіш халықтың иелігіндегі 32,266 триллион долларлық АҚШ Қазынашылығының бағалы қағаздары мен 7,782 триллион долларлық үкіметішілік активтерді қамтиды.

Федералдық үкіметтің қарызы он жылға жетпейтін уақыт ішінде 19,95 триллион доллардан екі еседен астам өсті.

Бұл өсімнің шамамен үштен бірі бұрынғы президенттер Дональд Трамп пен Джо Байден тұсында COVID-19 пандемиясына қарсы шараларды қаржыландыру үшін ауқымды көлемде қарыз алудан, сондай-ақ салық түсімдері мен мемлекеттік шығыстар арасындағы ұзақ жылдардан бергі теңгерімсіздіктен туындады.

Инвесторлар облигациялардың көп көлемде шығарылуына байланысты жоғары кірістілік талап еткендіктен, ұзақ мерзімді облигациялардың кірістілігі соңғы жиырма жылға жуық уақыттағы ең жоғары деңгейге жетті.

Сәрсенбі күні АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент өтеу мерзімі 10 жылдан 30 жылға дейінгі Қазынашылық облигацияларын кері сатып алу көлемі бір операцияға кемінде 4 миллиард долларға дейін ұлғайтылып, екі есеге арттырылғанын хабарлады.

Әлеуметтік қамсыздандыру және “Medicare” бағдарламаларына жұмсалатын шығындардың өсуі жалғасқан тұста Қаржы министрлігі шілде айында 432 миллиард долларлық бюджет тапшылығын тіркеді. Бұл — АҚШ тарихындағы айлық бюджет тапшылығы бойынша төртінші ең жоғары көрсеткіш.

АҚШ қарызының пайыздық төлемдеріне тағы 1,1 триллион доллар жұмсалуда. 2026 қаржы жылының алғашқы 10 айында пайыздық шығындар “Medicare” денсаулық сақтау шығындарынан асып, Әлеуметтік қамсыздандырудан кейін федералдық бюджеттегі екінші ең ірі шығыс бабына айналды.

Іздеу
Жаңа ғаламшар табылды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Израиль Газада әскери дайындықты күшейтті
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады