ЭКОНОМИКА
1 ... минут оқылды
Иран: “АҚШ-тың экономикалық қысымына жауап береміз”
Иран Мәжілісі төрағасының орынбасары АҚШ-тың экономикалық қысымы Иран халқының тұрмысын қиындатқан жағдайда «АҚШ пен онымен ынтымақтасатын елдердің экономикалық мүдделеріне қауіп төндіретіндерін» мәлімдеді.
Иран: “АҚШ-тың экономикалық қысымына жауап береміз”
Иран АҚШ-тың экономикалық қысымына жауап берілетінін мәлімдеді (МҰРАҒАТ)

Иран Мәжілісі төрағасының орынбасары Әли Никзад АҚШ-тың экономикалық қысымы Иран халқының тұрмысын қиындатқан жағдайда «АҚШ пен онымен ынтымақтасатын елдердің экономикалық мүдделеріне қауіп төндіретіндерін» мәлімдеді.

Иранның ISNA” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мәжілістің ашық отырысында сөз сөйлеген Никзад АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық қысым саясатына тоқталды.

Никзад АҚШ-тың қысымына қарамастан шегінбейтінін және елдің ұлттық қауіпсіздігі мен мүдделерін «күшпен қорғайтындарын» айтып, «Қиялға берілген дұшпандарымыз толық экономикалық блокада туралы айтып жүр. Алайда Америка Иран халқының бұған мойынсұнбайтынын, сонымен қатар дұшпандарын жазалап, олардың экономикалық мүдделеріне елеулі қауіп төндіретінін білуі керек», - деді.

Иран Мәжілісі төрағасының орынбасары: «Егер Иран халқының күнкөріс мүмкіндіктері мен экономикасына қысым одан әрі күшейсе, біз бұл халықтың дұшпандары мен олармен ынтымақтасатын елдердің әл-ауқатта өмір сүруіне жол бермейміз», - деді.

Іздеу
“BMW” 2027 жылдың соңына дейін Германияда 8 000 адамды жұмыстан босатуды жоспарлап отыр
Канада АҚШ-пен сауда келіссөздерін жеделдетуге ниетті
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Армения премьер-министрі  Түркия және Әзербайжанмен энергетикалық байланыстарды тереңдетуге шақырды
Түркия жел энергиясы бойынша әлемде 5-ші, күн энергиясы бойынша 10-шы орында
Түркияның электр қуаты 125 мың 598 мегаватқа жетті
Ормуз бұғазы кеме қатынасына қайта ашылады
Еуропалық орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруі болжануда
Түркия 4 айда 195 миллион доллар көлемінде лимон экспорттады
Шығыс Қаратеңіз аймағынан 115 елге 831 миллион доллардан асатын экспорт жасалды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әзербайжаннан Түркияға 33 миллиард текше метр табиғи газ жеткізу туралы келісімге қол қойылды
Түрік компаниялары жылдың алғашқы 4 айында 872 миллион долларлық кілем сатты
"Meta" қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығарды
Иранмен соғыс америкалықтарға миллиардтаған долларлық қосымша шығын әкелді
Таяу Шығыстағы шиеленіс Азия елдерін шұғыл шара қабылдауға мәжбүрледі
Энергиядағы тәуекелдеріне қарсы Түркияның кепілі - ГЭС-тер
ЕО мен АҚШ сауда келісіміне тағы бір қадам жақындады
ЕО-дан АҚШ-тың тарифтеріне қатысты «кез келген сценарийге дайынбыз» деген мәлімдеме келді
Таяу Шығыстағы текетірес инвесторларды алаңдатты