Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар одағының Директорлар кеңесінің төрағасы Селчук Искендер жасаған жазбаша мәлімдемесінде, жылдың алғашқы бес айында Трабзоннан 625 миллион 282 мың, Ризеден 101 миллион 145 мың, Гүмішханеден 65 миллион 290 мың, ал Артвиннен 39 миллион 451 мың доллар көлемінде экспорт іске асқанын білдірді.
Искендер экспортта өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Трабзонда 12 пайыз, Ризеде 31 пайыз, Гүмішханеде 76 пайыз және Артвинде 26 пайыз өсім тіркелгенін баса айтты.
Ең көп экспортталған салалардың басында 437 миллион 615 мың доллармен орман жаңғағы тұрғанына назар аударған Искендер бұл көрсеткіштен кейін 135 миллион 466 мың доллармен кен және металл өнімдері, 88 миллион 278 мың доллармен су өнімдері мен мал шаруашылығы тауарлары, 67 миллион 758 мың доллармен жаңа піскен жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері келетінін атап өтті.
Аталған кезеңде Шығыс Қаратеңізден 115 елге тауар сатылғанын айтқан Искендер ең көп экспорт жасалған алғашқы 5 елдің Италия, Германия, Ресей, Грузия және Франция болғанын жеткізді.
Экспорт көлемі ең қатты артқан елдің 96 пайыздық көрсеткішпен Германия екенін мәлімдеген Искендер өткен жылдың сәйкес кезеңінен өзгеше ретте Филиппин, Индонезия, Эль-Сальвадор, Аргентина және Суданды қоса алғанда тағы 13 елге алғаш рет экспорт бағытталғанына назар аударды.





















