ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Жастар арасындағы жұмыссыздық әлем көлемінде соңғы бір жылда артты
Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) өткен жылы жастар арасындағы жұмыссыздықтың артқанын және ең үлкен көрсеткіштің жоғары табысты экономикаларда тіркелгенін хабарлады.
Жастар арасындағы жұмыссыздық әлем көлемінде соңғы бір жылда артты
Жастар арасындағы жұмыссыздық әлем көлемінде соңғы бір жылда артты
 

ХЕҰ-ның жастарды жұмыспен қамту жөніндегі жылдық баяндамасына қарағанда, 15-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жаһандық жұмыссыздық деңгейі 2024 жылғы 12,3 пайыздан 2025 жылы 12,4 пайызға дейін өсті.

Жалпы алғанда 67 миллион жас жұмыссыз қалды.

Осы кезеңде білім де алмайтын, жұмыс та істемейтін (NEET) жастардың үлесі сәл өсіп, 20 пайызға жетті және 257 миллионнан асты.

ХЕҰ жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2026 және 2027 жылдары 12,3 пайыз деңгейінде тұрақты болады деп болжайды.

Бұл сыртқы тұрақтылыққа қарамастан, ұйым өкілдері өз алаңдаушылығын білдірді. ХЕҰ Жұмыспен қамту саясаты бөлімінің өкілі Сара Элдер жұмыссыздық деңгейі мен NEET үлесінің бір мезгілде өсуі қауіптің дабыл қағуы дегенді білдіретінін баса айтты.

2023-2025 жылдар аралығында әлемдегі 11 аймақтың 8-інде жастар жұмыссыздығы артты. Ең жоғары өсім Солтүстік Америкада, Солтүстік Африкада, сондай-ақ Солтүстік, Оңтүстік және Батыс Еуропада тіркелді.

Жасанды интеллект жұмыспен қамту мүмкіндіктерін өзгертуде

Баяндамада экономикалық өсудің баяулауы, жұмыс орындарының жеткіліксіздігі, геосаяси шиеленістер мен технологиялық өзгерістердің қарқыны салдарынан жастарды жұмыспен қамтудағы жаңа дағдарыстың алдында тұрғанымыз ескертілді.

Технологиялық жетістіктердің, әсіресе жасанды интеллекттің жастардың жұмыс табу мүмкіндіктерін тікелей өзгертіп жатқаны атап өтілді.

Орташа біліктілікті талап ететін жұмыс орындарының азаюы жастардың мансап баспалдағына қадам басуын қиындатты. Офис қызметкерлері, әкімшілік қызметтер, сату, өнеркәсіп және техникалық мамандықтар сияқты салаға бастапқы кіру сипатындағы дәстүрлі жұмыс бағыттарында құлдырау байқалды.

ХЕҰ Жұмыспен қамту, дағдылар және тұрақты кәсіпорындар департаментінің директоры Сукти Дасгупта 15-29 жас аралығындағы жастар атқаратын ағымдағы жұмыс орындарының 6,1 пайызы жасанды интеллекттің жоғары әсеріне ұшырайтын мамандықтар қатарында екенін мәлімдеді.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»