Палестинаның “WAFA” ақпарат агенттігінің хабарлауынша Израиль армиясы Бейтлехемнің шығысындағы Бейт-Фалух ауданында орналасқан Зейр мешітіне басып кірді.
Израиль сарбаздары жергілікті тұрғындардың таң намазын оқуына кедергі келтіріп, жамағатты мешіттің сыртында бірнеше сағат бойы ұстап тұрды.
Израиль армиясы18 шілдеде де Бейтлехемнің Хусан ауылындағы мешітте таңғы азанның шақырылуына және намаз оқылуына кедергі келтірген еді.
Израиль сарбаздары мешіттен күштеп шығарған жамағатқа дыбыстық гранаталар лақтырып, көзден жасаурататын газ шашқан болатын.
Израиль 2023 жылдың қазан айында Газа секторына кең ауқымды шабуылдарын бастағаннан бері оккупацияланған Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимде де палестиналықтарға қарсы рейд, тұтқындау операциялары мен қарулы шабуылдар айтарлықтай көбейді.
Израиль армиясы мен Палестина жерлерін заңсыз басып алған израильдік қоныстанушылар бірлесіп жүргізіп жатқан шабуылдар салдарынан адам шығыны мен жаппай тұтқындау оқиғаларымен қатар палестиналықтарды күштеп қоныс аударту, тұрғын үйлерді қирату, ауыл шаруашылығы жерлерін бүлдіру және заңсыз қоныстарды кеңейту әрекеттері үздіксіз жалғасуда.

























