ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қаратеңізде 120 мың дельфиннің жойылуына себеп болды
Украинаның оңтүстігіндегі Тузлы лагуналары ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкері Иван Русев «Al Jazeera» телеарнасына берген сұхбатында 2022 жылдың ақпан айынан бері жалғасып жатқан соғыс Қаратеңізге орасан зор зиян келтіргенін мәлімдеді.
Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қаратеңізде 120 мың дельфиннің жойылуына себеп болды
Қаратеңіз

Жарылыстар, зымырандардың ұшырылуы және әскери кемелердің дыбыстық құрылғылары дельфиндердің кеңістікте бағдар алуына және қорек табуына кедергі келтіруде. Соның салдарынан дельфиндер жеткілікті қоректене алмай, салмақ жоғалтып жатыр. Ал теңіз суының ластануы олардың иммундық жүйесін әлсіретіп, қауіпті жұқпалы ауруларға шалдығу қаупін арттыруда.

Мамандардың бағалауынша, соғыс басталғалы бері Қаратеңізде шамамен 120 мың дельфин қырылған.

Соғыстың зардабы теңізге әсер етуде

Әскери қақтығыстар кезінде теңізге төгілген жанармай мен химиялық заттар балықтардың тіршілігіне және теңіз экожүйесіне қауіп төндіріп отыр.

Сарапшылардың айтуынша, балықпен қоректенетін құстар да азық тапшылығынан және жарылыстардың қатты дыбысынан зардап шегуде.

Мамандар соғыстың теңіз жануарлары мен жыл құстарына тигізген кері әсері қақтығыстар аяқталғаннан кейін де ұзақ жылдар бойы сақталуы мүмкін екенін ескертеді.

 

Іздеу
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Президент Ердоған Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға келеді
БҰҰ Угандадағы азық-түлік тапшылығы туралы ескертті
Мьянмада еліне оралған жүздеген азаматтың ұсталғаны хабарланды
Ресей Украинаның Херсон бағытында уақытша атысты тоқтату режимін енгізді
Президент Ердоған үкімет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Түркия, Сауд Арабиясы, Пәкістан және Иран аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқылады
Түркия жандармериясы Испаниядан 101 медальмен оралды
Нигериядағы қарулы шабуылдан 48 адам қаза тапты
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістанның жоғары лауазымды өкілдері Иранға барады
Түркі Мемлекеттері Ұйымының саммитінде ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады
Тегеранда төрт елдің жоғары лауазымды өкілдері кездеседі
Воронеж облысында екі адам қаза тапты
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда