Угандада 3,6 миллион адам азық-түлік тапшылығына тап болып отыр. Болжам бойынша, 2027 жылдың ақпан-маусым айлары аралығында бұл көрсеткіш 4,4 миллионға жетуі мүмкін.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Угандадағы тұрақты үйлестірушісі Леонард Зулу ел астанасы Кампалада өткен баспасөз мәслихатында азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты жағдай туралы мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, азық-түлік тапшылығынан ең көп зардап шеккендердің қатарында Карамоджа аймағының тұрғындары, босқындар және оларды қабылдаған жергілікті қауымдастықтар бар.
Зулу климаттық өзгерістерден туындаған қолайсыз жағдайлар, ауыл шаруашылығы өндірісінің төмендеуі, азық-түлік бағасының қымбаттауы және аурулардың таралуы азық-түлік қауіпсіздігі мен халықтың тамақтану жағдайына кері әсер етіп отырғанын атап өтті.
Ол елде 3,6 миллион адамның өткір азық-түлік тапшылығына тап болғанын айтып, 2027 жылдың ақпан-маусым айлары аралығында бұл сан 4,4 миллионға дейін артуы мүмкін екенін ескертті.
Сондай-ақ Зулу халықтың күнкөріс көздерінің тұрақсыздығы, медициналық қызметке, таза су мен санитарлық жағдайларға қолжетімділіктің шектеулі болуы тамақтану мәселесін одан әрі ушықтырып отырғанын жеткізді.























