Біріккен Ұлттар Ұйымы Израиль енгізген шектеулер салдарынан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау жұмыстарының қиындауына байланысты Газа секторында халық денсаулығына төнетін қауіп-қатердің артқанын ескертті.
БҰҰ өкілі Стефан Дюжаррик сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында: «Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау жұмыстарына қолдау көрсететін серіктестеріміз арнайы көліктердің тек жартысы ғана жұмыс істеп тұрғанын ескертуде. Бұған Израильдің көліктердің үздіксіз жұмыс істеуіне қажетті мотор майы мен қосалқы бөлшектерді кіргізуге шектеу қоюы себеп болып отыр. Соның салдарынан қоқыстың бір бөлігі ғана жиналып, халық денсаулығына төнетін қауіп артып келеді», – деді.
«Газаға аса қажетті материалдардың әлдеқайда кең көлемде жеткізілуіне рұқсат берілуі, бюрократиялық кедергілердің азайтылуы және жүк тасымалы үшін көбірек шекара өткелінің ашылуы қажет», – деген Дюжаррик: «Адамдар мәжбүрлі қоныс аударудың ауыр жағдайында төртінші қысты өткізіп жатқан кезде гуманитарлық көмекті қаржыландыру да өмірлік маңызға ие», – деді.





















