ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Президент Трамп Иранға қарсы қатаң мәлімдеме жасады
Иранға тағы бір ультиматум қойған Трамп «Олармен келісім жасаймын ба, әлде оларды жойып жіберемін бе? Бар мәселе осы ғана», – деді.
Президент Трамп Иранға қарсы қатаң мәлімдеме жасады
(МҰРАҒАТ) АҚШ президенті Трамптан Иранға жаңа ультиматум.

АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранға жаңа ультиматум қойып, Иранмен келісімге келетіндерін немесе бұл елді әскери жолмен «жойып жіберетіндерін» мәлімдеді.

Америкалық “Fox News” телеарнасына сұқбат берген Трамп 3 қарашада өтетін Конгреске аралық сайлау қарсаңында АҚШ-тың сыртқы саясатына қатысты пікір білдірді.

Трамп Иранмен соғыста көздеген барлық мақсатына қол жеткізгендерін айтып, әсіресе Тегеранның әскери және экономикалық әлеуетін «жойғандарын» алға тартты.

Иранға тағы бір ультиматум қойған Трамп «Олармен келісім жасаймын ба, әлде оларды жойып жіберемін бе? Бар мәселе осы ғана», – деді.

АҚШ президенті Ормуз бұғазын толығымен АҚШ бақылап отырғанын айтып, бұғаз арқылы мұнай тасымалдау көлемін соғысқа дейінгі деңгейге жеткізгендерін мәлімдеді.

«Ұмытпаңыздар, қазір Ормуз бұғазын біз бақылап отырмыз. Олар ештеңе ала алмайды, бәрін біз алып отырмыз», – деген Трамп Иранға қарсы теңіз блокадасының да өте тиімді түрде жалғасып жатқанын айтты.

Іздеу
Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
Әлем күрес чемпионаты ертең Қазақстанда басталады
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы арасындағы бірлескен қорғаныс келісімі Мәжілістің бекітуіне ұсын
Тегеранда төрт елдің жоғары лауазымды өкілдері кездеседі
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады