ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Франциядағы білім беру мекемелерінде наразылық акциялары қайта басталды
Францияда үкіметтің уәделерін жеткіліксіз деп санаған жоғары сынып оқушылары елдің көптеген қаласында мектептердің кіреберістерін жабу акцияларын қайта бастады.
Франциядағы білім беру мекемелерінде наразылық акциялары қайта басталды
Франциядағы білім беру мекемелерінде наразылық акциялары (МҰРАҒАТТЫҚ СУРЕТ)

Францияда үкіметтің уәделерін жеткіліксіз деп санаған жоғары сынып оқушылары елдің көптеген қаласында мектептердің кіреберістерін жабу акцияларын қайта бастады.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ел астанасы Парижбен қатар Марсель, Тулуза, Ренн және Лион қалаларында жүздеген жоғары сынып оқушысы наразылық акцияларын өткізіп, мектептердің кіреберістерін жауып тастады.

Марсельде наразылық акциялары 75 мектептің жұмысына әсер етсе, 7 лицейде кіреберістерді жабу акциялары жалғасып жатыр. Тулуза қаласында да Бертло және Арен лицейлерінің алдында жиналған оқушылар қоқыс контейнерлері мен тосқауылдар қойып, мектептерге кіруге кедергі келтірді.

Францияның Білім министрі Эдуар Жеффре “France Inter” радиосына берген сұқбатында Париж орналасқан Иль-де-Франс аймағында, Нор департаментінде және Тулуза қаласындағы кейбір мектептерде наразылық акциялары салдарынан оқу процесі бұзылғанын айтты.

Сонымен қатар елдегі жетекші білім беру кәсіподақтары мұғалімдерді 5 қарашада жалпыұлттық ереуілге шығуға шақырды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Франциядағы ең ірі кәсіподақтардың бірі CGT-нің бас хатшысы Софи Бине “France 2” телеарнасына берген сұқбатында 5 қарашада келісімшарт негізінде жұмыс істейтін мұғалімдер, зейнеткерлер, жастар мен білім саласының қызметкерлері бірлесіп наразылық акциясын өткізетінін мәлімдеді.

Бине наразылық білдірушілер жалақыны көтеруді және үкімет бюджетін қайта қарауды талап ететінін атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақша

Үкімет бірқатар уәде берді

Францияның Білім министрі Эдуар Жеффре бұған дейін лицейлердегі сыныптарда оқушы саны азайтылатынын, осы мақсатта келісімшарт негізінде жұмыс істейтін 920 мұғалімді жұмысқа қабылдау рәсімі аяқталып, 500-ден астам қосымша орын ашылатынын хабарлаған болатын.

Жеффре сондай-ақ жоғары оқу орындарына құжат тапсыруға арналған “Parcoursup” платформасының 2028 жылға дейін өзгертілетініне уәде берді. Бұдан бөлек, жазда шамадан тыс ыстық, ал қыста өте суық болатын мектептерді климаттың өзгеруіне бейімдеу мақсатында оларды салқындату және жылыту жүйелерімен жабдықтау үшін 2030 жылға дейін төмен пайыздық мөлшерлемемен 4 миллиард еуро несие бөлінетінін мәлімдеді.

Алайда үкіметтің бұл уәделерін жеткіліксіз деп санаған жоғары сынып оқушылары мектептердің кіреберістерін жабу акцияларын қайта бастауға шақырды.

Францияда жоғары сынып оқушылары 17 қыркүйектен бері білім беру жағдайын жақсартуды, мектептердің мүмкіндіктерін кеңейтуді және мұғалімдер санын арттыруды талап етіп, наразылық акцияларын өткізіп келеді. Үкімет пен жоғары сынып оқушыларының кәсіподақтары және өкілдері арасындағы келіссөздер барысында наразылық акциялары бәсеңдеген болатын. Осы кезеңде үкімет білім беру саласына қатысты бірқатар уәде берген еді.

Университет студенттері мен кәсіподақтар да қолдау көрсеткен наразылық акциялары барысында 8 мыңға жуық адам ұсталған болатын.

Іздеу
Мьянмада еліне оралған жүздеген азаматтың ұсталғаны хабарланды
ЕО шетелден жеткізілетін тауарларға қосымша төлем енгізеді
Киркукте IV дәстүрлі анар фестивалі басталды
Нигериядағы қарулы шабуылдан 48 адам қаза тапты
Воронеж облысында екі адам қаза тапты
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда
Президент Трамп Иранға қарсы қатаң мәлімдеме жасады
Францияда қарулы шабуылдан бір адам қаза тапты
Иранда су тасқынынан екі адам қаза тапты
Израиль күштері екі палестиналықты өлтірді
Албанияда студенттердің наразылық шерулері жалғасып жатыр
Индонезияда орман өрті: 333 мыңнан астам адам тыныс жолдары инфекциясына шалдықты
Ұлыбритания ықтимал дағдарыстарға дайын болуға шақырды
Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Ресейдің Украинаға шабуылынан 3 адам қаза тауып, 11 адам жараланды