23 қазанда Нигерияның Тараба уәлаятындағы ауылға жасалған қарулы шабуылдан қаза тапқандар саны 48-ге жетті.
Тараба полициясының қоғаммен байланыс жөніндегі өкілі Виктор Мшелиза қарулы топ мүшелерінің уәлаяттағы Биннари ауылына жасаған шабуылына қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, шабуыл салдарынан қаза тапқандар саны 48 адамға жеткен.
Мшелиза қаза тапқандардың кейбірі шабуылдаушылардан қашуға әрекеттенген кезде жақын маңдағы өзенге батып кеткенін айтты. Сондай-ақ қарулы топ мүшелері көптеген үйді өртеп жібергенін хабарлады.
Соңғы уақытта Нигерияның әртүрлі аймақтарында қарулы топтармен қатар «Боко Харам» және «ISWAP» террористік ұйымдарының шабуылдары жиілеген.























