ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Мьянмада еліне оралған жүздеген азаматтың ұсталғаны хабарланды
4 қазанда Янгонға 1 476 Мьянма азаматы келгені хабарланды.
Мьянмада еліне оралған жүздеген азаматтың ұсталғаны хабарланды
(МҰРАҒАТ) 4 қазанда 1476 Мьянма азаматының Янгон қаласына жеткені хабарланған болатын.

Малайзия үкіметі еліне қайтарылған жүздеген Мьянма азаматының армия тарапынан ұсталғаны туралы ақпаратқа байланысты Мьянмадан түсініктеме талап ететінін мәлімдеді.

“Free Malaysia Today” басылымының хабарлауынша, Малайзияның Сыртқы істер министрі Мұхаммед Хасан еліне қайтарылған жүздеген азаматтың Мьянма армиясы тарапынан ұсталғаны туралы мәліметке байланысты Мьянмадан түсініктеме сұрайтынын айтты.

«Егер 300 адамның әлі де қамауда отырғаны туралы хабарлар расталса, Мьянма үкіметінен түсініктеме талап етеміз», – деді Мұхаммед.

Министр Мьянманың аталған азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік бергенін атап өтіп, Малайзияның Мьянмадағы уақытша сенімді өкіліне бұл мәліметтерді тексеруді тапсыратынын жеткізді.

4 қазанда 1476 Мьянма азаматының Янгон қаласына жеткені хабарланды. Тағы 3524 адамның еліне қайтарылуы жоспарлануда.

Іздеу
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда
Президент Трамп Иранға қарсы қатаң мәлімдеме жасады
Емине Ердоған Имам Бұхари кесенесіне барды
Францияда қарулы шабуылдан бір адам қаза тапты
Иранда су тасқынынан екі адам қаза тапты
Түркия президенті халықаралық саясаттағы сенім дағдарысына назар аударды
Израиль күштері екі палестиналықты өлтірді
Францияда наразылық шерулеріне шектеу қойылады
Албанияда студенттердің наразылық шерулері жалғасып жатыр
Индонезияда орман өрті: 333 мыңнан астам адам тыныс жолдары инфекциясына шалдықты
Болгарияда 25 қазанда президент пен вице-президент сайлауы өтеді
Ұлыбритания ықтимал дағдарыстарға дайын болуға шақырды
Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
Әлем күрес чемпионаты ертең Қазақстанда басталады
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті