Ердоған әлеуметтік желіде жариялаған жолдауында құрбан айттың рухани маңызына ерекше тоқталды.
Ол құрбан айтты қақтығыс пен қиын жағдайда қарсы алып отырған өңірлерге тоқталып, былай деді:« Раббымыздың рухани сыйы болған құрбан айт елімізге, қастерлі халқымызға, ислам әлеміне және бүкіл адамзатқа жақсылық әкелсін! Әсіресе Газамен қатар әлемнің түрлі өңірлерінде бұл мейрамды қайғымен қарсы алып отырған бауырларыма өз атымнан және түрік халқының атынан қолдау білдіріп, ізгі тілектерімді жолдаймын. Жаратқан иеміз бізді бейбітшілік, татулық, бірлік пен бауырластық салтанат құрған талай мейрамға жеткізсін! Құрбан айт құтты болсын!».



























