ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Ахалкалаки-Карс теміржол желісі ашылды
Түркия өкілі теміржол байланысының Түркия, Армения, Әзербайжан және Грузия арасындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтып, бейбітшілік пен тұрақтылыққа үлес қосатынын мәлімдеді.
Ахалкалаки-Карс теміржол желісі ашылды
Ахалкалаки-Карс теміржол желісі ашылды / AA

Түркияның Армениямен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру жөніндегі арнайы өкілі Сердар Кылыч Ахалкалаки–Карс теміржол желісінің ашылуы көршілес екі ел арасындағы сауда үшін жаңа қадам екенін айтты.

Кылыч жексенбі күні «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында Армения премьер-министрі Никол Пашинянның теміржол желісінің Арменияның сыртқы саудасына ашылғаны туралы мәлімдемесіне сілтеме жасады. Ол бұл өзгерісті Түркия мен Армения арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтірудегі жаңа қадам ретінде бағалады.

Кылыч: «Түркия, Армения, Әзербайжан және Грузия арасындағы төртжақты ынтымақтастықты дамытатын, сондай-ақ өңірлік бейбітшілік пен тұрақтылыққа елеулі үлес қосатын бұл қадам барлық ел үшін пайдалы болуын тілеймін», – деді.

Ал Армения премьер-министрі бұл қадамды ел экономикасы үшін маңызды жетістік деп атап, Түркия мен Грузиядағы серіктестеріне алғыс білдірді.

Пашинянның айтуынша, Армения енді Грузия мен Әзербайжан арқылы Ресейдің, ал Ресей мен Қазақстан арқылы Қытайдың теміржол қатынасына қол жеткізеді.

Сондай-ақ ол Түркия мен Грузия арқылы өтетін теміржол бағыты Арменияның Еуропалық Одақпен байланысын күшейтетінін, ал Түркия, Әзербайжан және Иранмен теміржол қатынасын орнату жоспарланып отырғанын айтты.

 

Іздеу
Газада қаза тапқандар саны 72 мыңнан асты
Қазақстанда І Баку Түркология құрылтайының 100 жылдығына арналған симпозиум басталды
Иран футбол құрамасы АҚШ визасына өтініш берді
Сот РХП құрылтайын жарамсыз деп танып, Кылычдароғлу әкімшілігі партия басшылығына қайта оралды
Израиль депортациялаған белсенділер Түркия арқылы елдеріне оралуда
"Meta" қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығарды
Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында маңызды кездесу өткізілді
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
УЕФА президенті Түркияның ірі финалдық матчтарды қабылдай алатынын айтты
Түркия БҰҰ-да гуманитарлық құқықты қорғауға шақырды
Түркия президенті Судан премьер- министрімен кездесті
Хакан Фидан НАТО келіссөздеріне қатысады
Түркияның НАТО-дағы рөлі жоғары бағаланды
Түркияда 580 жағажай «Көк жалау» алуға лайық деп танылды
Түркияның тежеуші күшінде тарихи қадам