ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоғаннан телефон дипломатиясы
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамп және бірнеше әріптесімен телеконференция арқылы сөйлесті. Әңгімеде Иран мен Таяу Шығыстағы соңғы жағдайлар талқыланды.
Президент Ердоғаннан телефон дипломатиясы
Президент Ердоғаннан телефон дипломатиясы

Коммуникация басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, бұл жиынға АҚШ президенті Дональд Трамп, Бахрейн королі Хамад бин Иса Әл Халифа, Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Шейх Мұхаммед бин Заид Әл Нахаян, Катар Әмірі Шейх Тәмим бин Хамад Әл Сани, Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси, Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман, Иордания королі ІІ Абдалла, Пәкістан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Асим Мунир және АҚШ арезиденті Кабинетінің мүшелері қатысты.

Иран мен Таяу Шығыстағы ахуал сөз болған келіссөзде арезидент Ердоған Түркияның әрдайым түйткілдерді диалог пен дипломатия арқылы шешуді жақтайтынын білдірді. Ол Иранмен арадағы дипломатиялық процестің АҚШ арезиденті Трамп атап өткен деңгейге жетуіне ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ қол жеткізілетін уағдаластық Ормуз бұғазы арқылы еркін өтуді қамтамасыз ету игілігімен аймақтың тұрақтылығын бекіте түсетінін, бұл жағдайдың әлемдік экономиканы да оңалтатынын баса айтты.

Келіссөз процесіне үлес қосқан мемлекеттерге алғысын білдірген Ердоған Иранмен жасалуы мүмкін келісімді іске асыру кезеңінде Түркия ретінде кез келген қолдауды көрсетуге дайын екендерін мәлімдеді. Түркияның бүкіл өңірде бейбітшіліктің үстемдік құруы үшін күш салып жатқанын тілге тиек еткен ол Иранға қатысты ядролық мәселені де қамтитын күрделі тақырыптарда уақыт өте келе тиісті шешімдер табылатынына сенім білдірді.

Президент Ердоған бұл сұхбатта Түркияның аймақ елдері бір-біріне қатер төндірмейтін жаңа бір дәуірді қалайтынын және әділ бейбітшіліктен ешкімнің ұтылмайтынын ерекше атап өтті.

Іздеу
Сот РХП құрылтайын жарамсыз деп танып, Кылычдароғлу әкімшілігі партия басшылығына қайта оралды
Израиль депортациялаған белсенділер Түркия арқылы елдеріне оралуда
"Meta" қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығарды
Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында маңызды кездесу өткізілді
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
УЕФА президенті Түркияның ірі финалдық матчтарды қабылдай алатынын айтты
Түркия БҰҰ-да гуманитарлық құқықты қорғауға шақырды
Түркия президенті Судан премьер- министрімен кездесті
Хакан Фидан НАТО келіссөздеріне қатысады
Түркияның НАТО-дағы рөлі жоғары бағаланды
Түркияда 580 жағажай «Көк жалау» алуға лайық деп танылды
Түркияның тежеуші күшінде тарихи қадам
НАТО: Анкара саммиті одақтастардың міндеттемелерін орындауына назар аударады
Ресей мен Қытай 20 құжатқа қол қойды
Президент Ердоған Урсула фон дер Ляйенмен телефон арқылы сөйлесті