ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында маңызды кездесу өткізілді
Коммуникация басқармасы Римде “The Istituto Affari Internazionali” (I.A.I) институтымен бірлесіп, «Анкарадағы НАТО саммиті аясында альянстың оңтүстік қанаты» атты панель өткізді.
Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында маңызды кездесу өткізілді
Панельде Анкара саммиті қарсаңында халықаралық жүйедегі өзгерістер мен қиындықтар талқыланды.

Коммуникация басқармасы 7–8 шілдеде Анкарада өтетін НАТО мемлекет және үкімет басшылары саммиті қарсаңында НАТО-ға мүше кейбір елдердің астаналарында НАТО тақырыбында бағдарламалар ұйымдастырып келеді.

Аталған елдердегі сараптамалық орталықтармен бірлесіп өткізілген бұл бағдарламалардың алғашқысы 3–4 наурызда Мадридте, екіншісі 11 наурызда Парижде, үшіншісі 18–19 наурызда Лондонда, төртіншісі 11 мамырда Варшавада, бесіншісі 14 мамырда Вашингтонда өтті. Серияның алтыншы кезеңі бүгін I.A.I институтымен бірлесіп Римде ұйымдастырылды.

«Анкарадағы НАТО саммиті аясында альянстың оңтүстік қанаты» атты панельді I.A.I Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және Африка бағдарламасының басшысы доктор Мария Луиза Фантаппие және I.A.I Қорғаныс, қауіпсіздік және ғарыш бағдарламасының басшысы доктор Алессандро Марроне басқарды.

Бағдарламада Президенттің сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі бас кеңесшісі, елші Акиф Чагатай Кылыч, Президенттің бас кеңесшісі әрі Президент жанындағы Қауіпсіздік және сыртқы саясат кеңесі төрағасының орынбасары, елші профессор доктор Чагры Ерхан және Президент жанындағы Қауіпсіздік және сыртқы саясат кеңесінің мүшесі профессор доктор Кылыч Бугра Канат баяндама жасады.

Панельге Түркия Республикасының Римдегі елшісі Елиф Чомоглу Үлгер, Түркия Республикасының Ватикандағы елшісі профессор доктор Фахреттин Алтун, Әзербайжан Республикасының Ватикандағы елшісі Илгар Мұхтаров және көптеген қонақ қатысты.

Панельде Анкара саммиті қарсаңында халықаралық жүйедегі өзгерістер мен сын-қатерлер, НАТО-ның Украина соғысы кезеңіндегі ұстанымы, альянстың оңтүстік қанатындағы қазіргі жағдай, НАТО-ның болашағы, Еуропа үшін қауіпсіздік әрекеті (SAFE), Палестина мен Ирандағы соңғы ахуал және басқа да өңірлік оқиғалар талқыланды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Брюссельде «Өзгерген қауіпсіздік жағдайында Түркия мен НАТО» атты панель өтті
Іздеу
Ресей мен Қытай 20 құжатқа қол қойды
Еуропалық Одақ пен АҚШ сауда келісімі бойынша өзара ымыраға келді
Трамптың сапарынан кейін бұл жолы Путин Бейжіңде
“Грекия өзі жасаған айуандық қылмыстардың бетін жабуға тырысып жатыр”
Сирияның Дамаск қаласында көлік жарылды
Түркияда 15 жасқа толмағандарға арналған әлеуметтік желі шектеуінің кестесі айқындалды
Түркия президентінің 19 мамыр күнімен құттықтау жолдауы
“Жастар – қуатты әрі ұлы Түркия мақсатының тірегі”
Сыртқы істер министрі 19 мамыр мерекесімен құттықтады
Ирландия президентінің қарындасы Жаһандық “Sumud” флотилиясында ұсталды
Емине Ердоған 19 мамыр мерекесімен құттықтады
Президент Трамп: “Иранмен ядролық келісімге келуге жақсы мүмкіндік бар”
Иран АҚШ-пен келіссөздердің Пәкістан арқылы жалғасып жатқанын растады
Стамбул конгресс туризмінде соңғы 10 жылдың ең жоғары жаһандық көрсеткішіне қол жеткізді
Ішкі істер министрі Чифтчи 19 мамырдың тарихи маңызына тоқталды