Хакан Фидан бүгін арнайы әуе рейсі арқылы «Жаһандық Сумуд» флотындағы Түркия азаматтары мен үшінші елдерден келген белсенділерді Түркияға жеткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Фидан «Nsosyal»-да «Жаһандық Сумуд» флоты құрамындағы Түркия азаматтары мен үшінші елдерден келген белсенділерді Түркияға жеткізуге қатысты жазба жариялады.
Министр «Жаһандық Сумуд» флотына жасалған заңсыз әрекет кезінде ұсталған Түркия азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың елге аман-есен оралуы үшін барлық тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Түркия азаматтарының құқықтарын қорғауды және Палестина халқына қолдауды табанды түрде жалғастыра беретінін айтты.
Израиль армиясы 18 мамыр күні халықаралық су айдынында Газаға бет алған флотқа шабуыл жасап, белсенділерді ұстап әкеткен болатын. Флот құрамында 50 кеме, 44 елден 428 белсенді, сондай-ақ 78 Түркия азаматы бар.
Израиль армиясы 2025 жылдың тамыз айында да «Жаһандық Сумуд» флотына шабуыл жасады.



















