ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
Емине Ердоған: «Түрік асханасы – ең бірегей мәдени елшіміз»
Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған Стамбулда «Түрік асханасы» апталығы аясында ұйымдастырылған «Бір дастархандағы мұра» бағдарламасына қатысты.
Емине Ердоған: «Түрік асханасы – ең бірегей мәдени елшіміз»
Емине Ердоған: «Түрік асханасы – ең бірегей мәдени елшіміз»

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған түрік асханасының тек дәммен ғана емес, рухани мазмұнымен, отбасы құндылықтарымен, бөлісу мәдениетімен және ұжымдық дәстүрімен ерекшеленетін өмір салтының ажырамас бөлігі екенін атап өтіп, «Түрік асханасы – Анадолының рухы мен ар-ожданын әлемнің түкпір-түкпіріне жеткізетін ең көркем мәдени елшіміз», – деді.

Бағдарламада сөз сөйлеген Емине Ердоған Стамбулдың адамзат өркениетінің ең көне куәгерлерінің бірі, түрлі халықтар мен мәдениеттердің, тарихтың тоғысқан мекені екенін айтты. Ол осы дастарханда түрік асханасының ұлы өркениет мұрасы екені тағы бір мәрте еске алынғанын айтып, бұл мұраның Түркияның тағамдарын ғана емес,  мәдени байлығын да жаһандық деңгейге танытатынын жеткізді.

Емине Ердоған іс-шараның ұйымдастырылуына үлес қосқан Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі мен Өнеркәсіп және технология министрлігіне алғыс білдіріп, шетелдегі іс-шаралар арқылы «Түрік асханасы» апталығын атап өтіп жатқан дипломатиялық өкілдіктерге сәлем жолдады.

ҚатыстыКешкектен баклаваға: “Түрік асханасы” апталығы басталады - TRT Қазақ - TRT Қазақ

«Асхана – адамзат тарихындағы ең көне мұрағаттардың бірі», – деген Емине Ердоған сөзін былай жалғастырды: «Әрбір жайылған дастарханнан белгілі бір қоғамның наным-сенімін, мәдени кодтарын және оның қоршаған ортамен байланысын көруге болады. Түрік асханасының мұрасы туралы сөз қозғағанда, біз ғасырлар бойы жалғасқан өркениет жолына тоқталамыз. Түрік асханасының бастауы Орталық Азиядан таралып, көш арқылы Анадолыға жетеді, одан әрі Осман империясының түкпір-түкпіріне, Балқан түбегіне, Шығыс Еуропаға, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкаға дейін жайылады. Осы тарихи жолда түрлі мәдениеттер бір-бірімен тоғысып, бірін-бірі байыта түсті».

Ердоған түріктердің асхана мен дастарханды өркениет мектебі ретінде қабылдайтынын айтып, дастархан адамдардың жүректерін жақындастыратын, адалдық пен сыйластық көрініс табатын ерекше орта екенін жеткізді. Оның айтуынша, бұрынғылар мұны «тұз-дәм ақысы» деп атаған. Сондай-ақ ол дастархан басына жиналу тіпті дұшпандықты тоқтатқанын атап өтті.

Ердоғанның сөзінше, түрік асханасының тағы бір ерекшелігі – Анадолының өзара ынтымақтастық рухын дастархан мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналдыра білуінде. Бұл дәстүр «асар» деп аталады.

Ол кейбір зерттеушілердің «асар» ұғымын Анадолының әлемге тартуы деп бағалайтынын айтып, былай деді: «Өйткені Анадолыда адамдардың жүректері бір арнада тоғысып, адамгершіліктің ғажайып тізбегі қалыптасады. Өмірдің ауыртпалығы иық тіресе еңбек еткен адамдардың ынтымағы арқасында жеңілдей түседі. Құда түсу, үйлену тойы, сүндет той секілді ерекше күндерде және жаназа кезінде көршілер ешқандай өтініш күтпестен жиналып, үй иесіне қолғабыс болады. Әйелдер қысқа азық-түлік дайындау, жапырақ орау, нан пісіру және Рамазан айына дайындық сияқты көп еңбекті қажет ететін жұмыстарда да асарлатады», – деді.

Ердоған мұның ең жарқын үлгілерінің бірі ретінде «UNESCO»-ның Материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген «кешкек» тағамын атады. Оның айтуынша, кешкек дайындаудың барлық кезеңі ұжымдық еңбектің арқасында жүзеге асады.

Іс-шара барысында Емине Ердоған көрме алаңындағы стендтерді аралады.

Бағдарламаға жұбайларымен бірге қатысқан Түркияның Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр мен Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой да сөз сөйледі.

Шараға Стамбул губернаторы Давут Гүл мен жұбайы, елшілер, консулдар, журналистер, сала өкілдері, аспаздар және өнер қайраткерлері қатысты.

Бағдарламадан кейін Емине Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында «Түрік асханасы» апталығының басталуымен құттықтап, биыл бесінші рет «Бір дастархандағы мұра» тақырыбымен өткен ашылу рәсімінде елшілер және олардың жұбайларымен, түрік асханасына жанашыр тұлғалармен жүздескеніне қуанышты екенін жазды.

Ол өз жазбасында: «Түрік асханасы – Анадолының рухы мен ар-ожданын әлемнің түкпір-түкпіріне жеткізетін ең бірегей мәдени елшіміз. Біздің міндетіміз – еліміздің гастрономиялық келбетін әлемге танымал бірнеше тағаммен ғана шектемей, оны мән-мағына, мәдениет және құндылықтар асханасы ретінде лайықты деңгейге көтеру. Бірлесе отырып, асханамыздың қалдықсыз, ысырапсыз, тұрақты, экологиялық таза, денсаулыққа пайдалы әрі кез келген тамақтану талғамына сай келетін қырларын кеңінен танытайық! Ең бастысы әжелеріміздің тағам әзірлеуін, асхана құпияларын және сарғайған дәптерлерде сақталған жазбаларын көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Өйткені мұның бәрі – бай тарихымыздың бір бөлігі. «Түрік асханасы» апталығы құтты болсын! Дастарханымыздан береке, татулық пен бірлік кетпесін! Осы маңызды шараның ұйымдастырылуына үлес қосқан барша жанға алғыс айтамын», – деді.

Іздеу
Анкарадағы НАТО саммиті қарсаңында маңызды кездесу өткізілді
Брюссельде «Өзгерген қауіпсіздік жағдайында Түркия мен НАТО» атты панель өтті
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
УЕФА президенті Түркияның ірі финалдық матчтарды қабылдай алатынын айтты
Түркия БҰҰ-да гуманитарлық құқықты қорғауға шақырды
Түркия президенті Судан премьер- министрімен кездесті
Хакан Фидан НАТО келіссөздеріне қатысады
Түркияның НАТО-дағы рөлі жоғары бағаланды
Түркияның тежеуші күшінде тарихи қадам
Президент Ердоған Урсула фон дер Ляйенмен телефон арқылы сөйлесті
“Грекия өзі жасаған айуандық қылмыстардың бетін жабуға тырысып жатыр”
Түркияда 15 жасқа толмағандарға арналған әлеуметтік желі шектеуінің кестесі айқындалды
Түркия президентінің 19 мамыр күнімен құттықтау жолдауы
“Жастар – қуатты әрі ұлы Түркия мақсатының тірегі”
Сыртқы істер министрі 19 мамыр мерекесімен құттықтады
Емине Ердоған 19 мамыр мерекесімен құттықтады
Стамбул конгресс туризмінде соңғы 10 жылдың ең жоғары жаһандық көрсеткішіне қол жеткізді
Ішкі істер министрі Чифтчи 19 мамырдың тарихи маңызына тоқталды
Түркия Израильді айыптады
Түркия Қырым татарлары мен черкес халқының қасіретін еске алды