Президент Режеп Тайып Ердоған «беделі артып келе жатқан ұйым» деп атаған Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастықты барлық салада дамытуға күш салатындарын айтты.
«3,5 миллиард халықты және 35 триллион долларлық жалпы ішкі өнімді қамтитын Шанхай ынтымақтастық ұйымы көпполярлы әлемдік тәртіптің ажырамас бөлігі», – деді Ердоған.
Президент Ердоған Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшылары саммитінде сөз сөйледі.

«Түркия ретінде айналамызда болып жатқан қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешуге жауапкершілікпен атсалысып, бейбітшілік пен тұрақтылық үшін жұмыс істеуді жалғастырып келеміз», – деген президент Израильдің агрессивті саясатына да тоқталды.
«Израиль шабуылдарынан 74 мың адам қаза тапқан Газа мен Ливанды ұмытпауымыз керек. Бұл агрессивті саясаттың зардабын бүкіл аймақ тартып отыр», – деді ол.
Ердоған Түркияның климат өзгерісінің кері әсерлерімен күресте өз міндетін атқаруға ұмтылатынын айтып, 11-12 қарашада Анталияда «COP31» саммиті өтетінін еске салды. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшылары саммитінің қатысушыларын аталған іс-шараға шақырды.




























