Мәлімдемеде Түркияның бұл қадамды ұзақ уақыттан бері қолдап келе жатқаны атап өтіліп, АҚШ-тың осы шешімі арқылы Сирияның экономикалық тұрғыдан қалпына келуі мен елді қайта құру жолындағы ең үлкен кедергілердің бірі жойылғаны айтылды.
Сондай-ақ бұл шешім Сирияның халықаралық қауымдастықпен байланысын нығайтуға, елде қауіпсіздік пен тұрақтылықты орнықтыруға бағытталған күш-жігерге серпін беретініне сенім білдірілді.
«Осы кезеңде халықаралық қауымдастықты күш-жігерін Сирияның өркендеуіне бағыттауға және бұл мақсатқа кедергі келтіретін агрессиялық әрекеттерді тоқтату үшін өз міндеттерін орындауға шақырамыз», — делінген мәлімдемеде.
АҚШ Қаржы министрлігі кеше Сирияның 1979 жылы енгізілген «терроризмді қолдайтын мемлекеттер» тізімінен ресми түрде шығарылғанын хабарлаған еді.






















