Түркия Сыртқы істер министрлігі осы мәселеге қатысты мәлімдемесінде өрт салдарынан қаза тапқандарға Алладан рақым тілеп, олардың жақындары мен Алжир халқына көңіл айтты.
Мәлімдемеде: «Алжирдің бірқатар уәлаятында болған орман өртінен адамдардың қаза табуына байланысты қатты қайғырып отырмыз», - делінген.
Бұған дейін елдің шығысындағы уәлаяттарда орман өртінен 12 адамның қаза тапқаны хабарланған.






















