ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркияда күннен электр өндіру шілдеде рекорд жаңартты
Түркияда күн энергиясынан электр өндіру шілде айында 5,37 миллиард киловатт-сағатқа жетіп, айлық көрсеткіш бойынша бұрын-соңды болмаған ең жоғары деңгейге көтерілді.
Түркияда күннен электр өндіру шілдеде рекорд жаңартты
Түркияда күннен электр өндіру шілдеде рекорд жаңартты

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар: «Шілде айында электр энергиясын өндіруде бірден екі тарихи рекорд орнаттық. Отандық ресурстар есебінен өндірілген электр көлемі 24,75 миллиард киловатт-сағатқа, ал күн энергиясынан өндірілген электр 5,37 миллиард киловатт-сағатқа жетті», – деді.

Түркияда күн энергиясынан электр өндіру шілде айында 5,37 миллиард киловатт-сағатқа жетіп, айлық көрсеткіш бойынша бұрын-соңды болмаған ең жоғары деңгейге көтерілді.

Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, шілдеде Түркияда жалпы 34,6 миллиард киловатт-сағат электр энергиясы өндірілді.

Өткен айда электр өндірісінде ең жоғары үлес 26,2 пайызбен су электр станцияларына тиесілі болды. Осы кезеңде СЭС-терде 9,07 миллиард киловатт-сағат электр өндірілді.

Маусым айында 4,99 миллиард киловатт-сағатпен рекорд жаңартқан күн энергетикасы шілдеде тағы да жаңа көрсеткішке қол жеткізді. Күннен өндірілген электр көлемі 5,37 миллиард киловатт-сағатты құрап, елдегі жалпы электр өндірісінің 15,5 пайызына тең болды.

Осы кезеңде жаңартылатын энергия көздерінен 20,14 миллиард киловатт-сағат электр өндірілді. Бұл жалпы өндірістің 58,2 пайызына сәйкес келеді.

Ал отандық энергия көздері есебінен өндірілген электр көлемі шілдеде 24,75 миллиард киловатт-сағатқа жетіп, айлық көрсеткіш бойынша тарихи рекорд орнатты. Отандық ресурстардың жалпы электр өндірісіндегі үлесі 71,5 пайыз болды.

Іздеу
Малатияда «Алтын өрік» шахмат турнирі өтіп жатыр
Волейболдан Түркия әйелдер құрамасы Германияны 3:1 есебімен жеңді
«Фенербахче» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті
Газа Бейбітшілік кеңесі: “ХАМАС қару-жарағын тапсырып, басқарудан бас тартуға келісті”
Израиль Ливанның оңтүстігіне қайта шабуылдады
Нетаньяху басып алынған Батыс Шерияда заңсыз қоныстарды кеңейтпек
Пәкістан АҚШ пен Иран арасындағы келісімді созуға тырысуда
Непалдағы су тасқыны мен көшкін салдарынан ондаған адам қаза тапты
Түркия мен Сирия 10 миллиард долларлық сауда мақсатын талқылады
Президент Ердоғанның Ұлы шабуылдың 104 жылдығына байланысты жолдауы
Бішкекте көше аттары ұлттық сипатқа ие болды
Түркия — Еуропалық Одақтың бесінші ірі сауда серіктесі
Президент Ердоған Түркияның өңірдегі рөлі туралы мәлімдеме жасады
"Тегеран Ормуз бұғазына қатысты шарттарын Пәкістан арқылы АҚШ-қа жеткізді"
Израиль шабуылынан 4 палестиналық қаза тапты