Президенттік халықаралық 7-ші яхта жарысының үшінші кезеңі болып табылатын Жеңіс кубогы аяқталды.
Президенттің қолдауымен, Мәдениет және туризм министрлігі мен Жастар және спорт министрлігінің үлесімен, Стамбул губернаторлығы мен Түркияның Туризмді дамыту және таныту агенттігінің (TGA) ынтымақтастығында Стамбул ашық теңіз яхта жарысы клубы тарапынан ұйымдастырылған Президенттік 7-ші халықаралық яхта жарысының үшінші кезеңі — Жеңіс кубогы 58 команда мен 600-ден астам спортшының қатысуымен Чыраған сарайының алдынан бастау алды.
30 тамыз Жеңіс мерекесіне арналған кезеңде жарыст Босфор бұғазында басталды. 600-ден астам спортшы Арнавуткөйде аяқталған жарыста желге қарсы стратегия мен тактика алдыңғы қатарға шыққан тартысты бәсеке көрсетті.
Жеңіс кубогын Селим Какыш басқарған «Zacapa» яхтасы жеңіп алды. Оғыз Аян басқарған «Angel's Of CMC Holding» командасы екінші орынды иеленсе, Левент Пейнирджи басқарған «Enka» ұжымы жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Стамбул ашық теңіз яхта жарысы клубының төрағасы Екрем Емлихаоғлу 30 тамыз Жеңіс мерекесінде осындай жарысты өткізгендері үшін өте мақтанышты екенін білдіріп, «600-ден астам спортшымыздың бұл жарысы даңқты тарихымыз бен жеңісіміздің мұрасына лайықты көркем шеру ұсынды. Бұл тек спорттық жарыс қана болған жоқ. Өткенімізге деген алғысымыздың көрінісі болып табылатын осы ауқымды жарысқа үлес қосқан барлық мекемелерімізге және жағалауды толтырып, бұл қуанышты бізбен бөліскен Стамбул тұрғындарына алғыс айтамын», — деді.






















