Президент Ердоған Малазгирт ұлттық паркі аумағында ұйымдастырылған «Анадолының бағындырылуының 955 жылдығы – Малазгирт 1071» еске алу бағдарламасында сөз сөйледі.
Ердоған өз сөзінде: «Қажет болған жағдайда бәрінен бас тарта аламыз. Бірақ мәселе Отанымызға, мемлекетіміз бен халқымыздың болашағына қатысты болса, ешкімнің алдында бас имейміз», – деді.
«Бұл аймақта қуатты болып, бірлік пен ынтымақты сақтаудан басқа жол жоқ», – деген Ердоған: «Біз халық ретінде қашан бір болып, бірлігімізді сақтап, арқа сүйесіп, иық тіресіп, бір-бірімізге берік ұйыссақ, табыстан табысқа, жеңістен жеңіске жеттік. 955 жыл бұрын Малазгирт дастанын осылай жазғанымызды ұмытпаңыздар», – деді.
Ердоған сөзінде «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне де тоқталып, «Біз мұны бауырластығымыз үшін жасадық. Дос та, дұшпан да білсін: өңірімізде тарих қайта жазылып жатыр. Түркия бейбіт саясаты арқылы өңірге бағыт-бағдар беріп отыр. Енді бұған ешкім тосқауыл бола алмайды», – деді.
Президент: «Арандату мен тұзақтар арқылы Түркия мен түрік халқының қасиетті жолын тоқтатамыз деп ойлайтындардың түбі сәтсіздікке ұшырайды», – деп мәлімдеді.




















