Президент Режеп Тайып Ердоған Ұлы шабуылдың 104 жылдығында Түркия Республикасының негізін қалаушы Гази Мұстафа Кемал бастаған тәуелсіздік жолында құрбан болған шейіттер мен ардагерлерді алғыспен еске алды.
Президент Ердоған өзінің “NSosyal” парақшасында жариялаған жазбасында:
«Анадолының қасиетті жеріне созылған қанды қолдарды жою үшін басталған Ұлы шабуылымыздың 104 жылдығында Гази Мұстафа Кемал секілді тәуелсіздігіміз үшін құрбан болған шейіттеріміз бен ардагерлерімізді алғыспен еске аламын», — деді.
«Тарихтың ағысын өзгерткен күн» ретінде белгілі 26 тамызда басталған Ұлы шабуыл 30 тамызда жеңіспен аяқталып, Анадолының түрік жері ретінде бекітілуін қамтамасыз етті.






















