ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Мекке ортақ қорғаныс келісімі комитетінің алғашқы отырысы Cтамбулда басталды
Мекке ортақ қорғаныс келісімі аясында құрылған Стратегиялық саяси және қорғаныс комитетінің алғашқы отырысы Стамбулда өтіп жатыр.
Мекке ортақ қорғаныс келісімі комитетінің алғашқы отырысы Cтамбулда басталды
Мекке ортақ қорғаныс келісімі комитетінің алғашқы отырысы Cтамбулда басталды

Мекке ортақ қорғаныс келісімі шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шараларға стратегиялық бағыт беру мақсатында құрылуы көзделген Стратегиялық саяси және қорғаныс комитетінің алғашқы отырысы бүгін Түркияның төрағалығымен Стамбулда өтуде. Комитет құрамына Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясының сыртқы істер және қорғаныс министрлері, сондай-ақ бас штаб бастықтары кіреді.

Түркия делегациясының құрамында Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер және Бас штаб бастығы Селчук Байрактароглу бар.

Отырыста халықаралық қауіпсіздік, қорғаныс әлеуетін арттыру, осы тұрғыда үш елдің қарулы күштері арасындағы өзара үйлесімділікті күшейту, бірлескен өндіріс пен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қоса алғанда қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ терроризмге қарсы күресте бірлескен күш-жігерді нығайту мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар отырыста Стратегиялық саяси және қорғаныс комитеті белгілейтін ортақ бағыттар бойынша жұмысты үйлестіретін Хатшылық пен өзге де тетіктердің жұмыс тәртібі айқындалып, алдағы кезеңге арналған іс-қимыл жоспары әзірленеді деп жоспарланып отыр.

Мекке қорғаныс келісімі

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман және Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф 7 тамызда Меккеде «Ортақ қорғаныс келісіміне» қол қойған болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды

Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы өңірлік және халықаралық деңгейде тұрақсыздықтың күшеюіне байланысты ортақ жауапкершілік пен өңірлік ынтымақтастық қағидаты негізінде Мекке ортақ қорғаныс келісіміне қол қойды. Келісім өңірлік және жаһандық деңгейде қауіпсіздік, бейбітшілік, тұрақтылық пен әл-ауқатты нығайтуды, сондай-ақ ортақ тежеу әлеуетін арттыруды көздейді.

Келісімге сәйкес, оған қатысушы мемлекеттердің біріне жасалған шабуыл барлық тарапқа жасалған шабуыл ретінде қарастырылады.

Өңірде ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін келісім халықаралық құқықты құрметтейтін және бейбіт ынтымақтастық қағидаттарын қолдайтын барлық тараптың оған қосылуына мүмкіндік береді.

Іздеу
Қазақстанда Құрылтай сайлауынан кейін үкімет таратылды
Өзбекстанда Тәуелсіздік мерекесіне орай рақымшылық жарияланды
Түркияның экспорты  25,6 миллиард долларды құрады
АҚШ президенті Трамп: «Ресей НАТО территориясына шабуыл жасамайды»
Газада азық-түлік тапшылығы ушығып барады
АҚШ президенті Трамп: «Иран — күйреп жатқан ел»
Израиль күштері Сирияға артиллериялық соққы жасады
Түркия және Қазақстан президенттері сөйлесті
Иран мен Катар сыртқы істер министрлері кездесті
Ресей Ұлыбританияның әскери базаларына соққы беруі мүмкін екенін ескертті
Ресей Украинамен бейбіт келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Ресей мұнайы Қазақстанда өңделеді
Түркия Қорғаныс министрлігі: «YPG-нің таратылуы — маңызды қадам»
Ресей румыниялық дипломатты «персона нон грата» деп жариялады
Малатияда «Алтын өрік» шахмат турнирі өтіп жатыр