Пәкістандық “Samaa TV” телеарнасының хабарлауынша, қаланың Бадами-Баг және Наван-Кот аудандарында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалған.
Қаруланған екі күдікті Бадами-Баг ауданында екі полиция қызметкерін өлтірді. Кейін Наван-Кот ауданына барған шабуылшылар тағы бір полиция қызметкерін өлтіріп, үшеуін жаралады.
Оқиға орнынан көлікпен қашқан күдіктілер кейін бір үйге кірген.
Үйдегі адамдарды кепілге алған шабуылшылар мен полиция арасында атыс болды.
Атыс кезінде екі шабуылшы залалсыздандырылды. Полиция қүшінші күдіктіні іздеу жұмыстарын жалғастыруда.


























