Ал сейсенбі күні Запорожьеге жасалған Ресей шабуылдарынан кемінде бес адам қаза тауып, 20 адам жараланды.
Тілшілер бірнеше қуатты жарылыстың дауысын естігенін хабарлады. Ал қала мэрі Виталий Кличко әлеуметтік желіде Киевтің «баллистикалық зымыран шабуылына ұшырағанын» жазды.
Украинаның оңтүстік-шығысындағы Запорожье қаласының губернаторы Ресей шабуылы салдарынан бес адамның қаза тауып, 20 адамның жараланғанын мәлімдеді.
Облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Иван Федоров “Telegram” желісіндегі мәлімдемесінде: «Бес адам қаза тауып, 20 адам жараланды. Өкінішке қарай, Запорожьеге жасалған жау шабуылынан кейін зардап шеккендер саны артып келеді», – деді.
Шабуылдар күшейді
Президент Владимир Зеленский бұған дейін Ресейдің соғысқа Солтүстік Кореядан қосымша әскер жіберуге дайындалып жатқанын және Пхеньяннан жаңа баллистикалық зымырандар алғанын айтқан еді.

Соңғы апталарда Мәскеу баллистикалық зымырандармен жасалатын шабуылдарды күшейтті. Мұндай зымырандарды АҚШ-тың “Patriot” жүйелерін қоса алғанда тек жекелеген әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері ғана ұстап қала алады.
Украина Ресейдің шекарадан шалғай орналасқан қалаларына бағытталған шабуылдарын күшейтіп келеді.
ДЕРЕККӨЗ: TRT World және ақпарат агенттіктері





















