ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Сирия Хмеймим мен Тартустағы Ресей базаларына қатысты Сыртқы істер министрлігі мен Мәскеу арасында бір жарым жылға созылған келіссөздерден кейін келісімге қол жеткізілгенін хабарлады.
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Ресейдің Сириядағы әскери-теңіз базасының спутниктік суреті.(Reuters мұрағатынан алынды)

Сирияның ресми “SANA” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, келісім аясында Сирия жағалауындағы Ресейдің қатысуын қайта ұйымдастыру үдерісі басталады.

Хабарламада азаматтық нысандарды басқару Сирияға берілетіні, сондай-ақ Хмеймим әуежайы мен Тартус портындағы төртінші коммерциялық айлақтың кезең-кезеңімен азаматтық басқаруға өтетіні айтылды.

Сонымен қатар Ресейге тиесілі әскери базалар мен нысандардың қызметін қайта ұйымдастыру жөнінде де келісімге қол жеткізілді. Бұл базалар Сириядағы бірлескен оқу-жаттығу орталықтарына айналдырылады.

Мәлімдемеде жаңа келісімдердің екі тараптың да мүдделеріне сай жүзеге асырылатыны атап өтілді. Өзара түсіністік туралы меморандумда қайта құру үдерісін аяқтауға үш ай мерзім белгіленген. Осы мерзім аяқталғаннан кейін жаңа тәртіп күшіне енеді.

Ресей 2015 жылы Асад режимінің өтінішімен Сирияға әскери күштерін енгізім жасап, Хмеймим мен Тартуста база құрған еді. Сириядағы азаматтық соғыс кезінде бейбіт тұрғындар тұратын аудандарға жасалған жүздеген шабуыл осы базалардан көтерілген ұшақтар арқылы жүзеге асырылды.

2024 жылдың желтоқсан айында Асад режимі құлатылғаннан кейін Ресей мен Сирияның жаңа үкіметі аталған базаларға қатысты келіссөздерді бастаған еді.

Іздеу
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»