Ресей Президенті Владимир Путиннің Куриль аралдарына барғаны хабарланды.
Ресей президенттік сарайы Кремльдің мәлімдемесіне сәйкес, Путин Куриль аралдары тізбегінің бөлігі болып табылатын Итуруп аралына барды.
Путин мұндағы балық өңдеу зауытын, Куриль орталық аудандық ауруханасын және бір мектепті аралап көрді.
Путинге бұл сапарында Сахалин аймағының губернаторы Валерий Лимаренко серік болды.
Бұл президент Путиннің Куриль аралдарына жасаған алғашқы сапары екені атап өтілді.
Ресейдің Сахалин аймағына қарасты Итуруп аралы Куриль аралдарының оңтүстігінде орналасқан.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңына дейін Жапонияның иелігінде болған Куриль аралдары 1945 жылы бұрынғы Кеңес Одағының қарамағына өткен еді.




















