Ұлыбритания мемлекеттік қаржы мен инвестицияларды біріктіру арқылы экологиялық таза көлік технологияларын дамытуды жеделдету мақсатында шамамен 130 миллион фунт стерлинг (175 миллион доллар) көлемінде қаржы бөлетінін мәлімдеді.
Экологиялық таза технологияларды дамыту және кеңінен енгізу үшін шамамен 50 миллион фунт стерлинг (67,4 миллион доллар) көлеміндегі мемлекеттік қаржы автокөлік өндірушілері мен зерттеу саласындағы серіктестерге бөлінеді.
Өнеркәсіп министрі Блэр Макдугалл: «Ұлыбритания заманауи автомобиль өнеркәсібінің негізін қалады. Біз жаңа буын көліктердің де осында жобаланып, шығарылуын қамтамасыз етуге бел будық», – деді.
Ұлыбритания 2030 жылдан бастап тек бензинмен немесе дизельмен жүретін жаңа көліктерді сатуды тоқтатуды жоспарлап отыр. 2035 жылға қарай жаңа көліктердің барлығы экологиялық талаптарға сай болуы керек.


















