АҚШ-тың Израильдегі елшісі Майк Хакаби Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының палестиналықтардың үйлерін қоршауға алуын «террорлық әрекет» деп бағалады.
Елші “X” платформасындағы жазбасында: «Отбасын үрейлендіру мен сес көрсетуді көздеген бұл сұмдық террорлық әрекеттің артында тұрғандардың әрекеті жиіркенішті», — деп атап өтіп, «ешқандай сылтау бұл зорлық-зомбылық мінез-құлықты ақтай алмайтынын» білдірді.
Наблус маңындағы Кусра ауылында АҚШ азаматтығы да бар палестиналыққа тиесілі үйді қосқанда, көптеген баспана жексенбі күннен бері еврей қоныстанушыларының қоршауында тұр.
Еврей қоныстанушылары палестиналықтардың өз үйлеріне кіріп-шығуына бөгет жасауда. Ауыл тұрғындары азық-түлікке және басқа да негізгі қызметтерге қол жеткізе алмай отырғандарын айтады.
Израиль 1967 жылдан бері басып алып отырған Батыс Шерияда палестиналықтар мен халықаралық құқық «заңсыз» деп таныған еврей қоныстанушылары арасындағы шиеленіс Израиль армиясының Газа секторында геноцидті бастаған 2023 жылдың қазан айынан бері ушыға түсті.
Дереккөз: AFP
























