Ресейде “Telegram” мен “Google” компанияларына тыйым салынған контентті жоймағаны үшін жалпы сомасы 26 миллион рубль, яғни шамамен 313 мың доллар көлемінде айыппұл салынды.
Мәскеудегі Таган аудандық соты “Telegram” мен “Google” компанияларына қатысты қозғалған істер бойынша шешім шығарды.

Аталған платформалардағы тыйым салынған контент жойылмағандықтан, сот олардың заң талаптарын орындамағанын анықтады. Нәтижесінде “Telegram”-ға 18,4 миллион рубль, ал “Google”-ға 7,6 миллион рубль айыппұл салынды.
Ресей бұған дейін де “Google” мен “Telegram”-нан бөлек “Instagram”, “YouTube”, “X” (бұрынғы “Twitter”) және “TikTok” сияқты шетелдік интернет-платформаларға тыйым салынған контентті жоймау және елдегі заңнамалық міндеттемелерді орындамау секілді себептермен айыппұл салған болатын.
Сондай-ақ елде “Telegram”-ға қолдануға шектеу қойылған.
























