Ресей құрамындағы Татарстан Республикасына дрон шабуылы жасалғаны хабарланды.
Татарстан Республикасы басшысының әкімшілігі таратқан мәлімдемеде Нижнекамск (Түбән Кама) қаласындағы өнеркәсіптік және азаматтық инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасалып, адам шығыны болғаны айтылды. Мәлімдемеде елде аза тұту күні жарияланғаны атап өтілді.
Ал Ресейдегі әлеуметтік желілерде Нижнекамск қаласында орналасқан Еуропадағы ең ірі мұнай-химия кәсіпорындарының бірі «Нижнекамскнефтехим» зауытына шабуыл жасалғаны жөнінде ақпарат тарады.



















