Биріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) тиесілі корольдік ұшақтың кеше Иранға барғаны, сондай-ақ 11 тамызда да осылайша Тегеранға барып, шамамен бір сағаттан кейін БАӘ-ге оралғаны хабарланды.
Иранның «Фарс» ақпарат агенттігінде осы мәселеге қатысты жаңалық жарияланды.
Жаңалыққа қарағанда, БАӘ-ге тиесілі корольдің ұшағы кеше Тегеранға барған, ұшақ 11 тамызда да Тегеранға барып, шамамен бір сағаттан кейін БАӘ-ге қайта оралған.
Аталған ұшақты БАӘ үкіметінің ресми тұлғалары пайдаланатыны айтылғанымен, ұшақтың Тегеранға сапарының мақсаты туралы БАӘ билігі тарапынан әлі ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
























