ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия президентінің 19 мамыр күнімен құттықтау жолдауы
Президент Режеп Тайып Ердоған 19 мамыр – Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күніне арналған жолдауында: «Елімізде және шетелде тұратын барлық жастарымызға сәлемім мен сүйіспеншілігімді жолдаймын», – деді.
Түркия президентінің 19 мамыр күнімен құттықтау жолдауы
Президент Режеп Тайып Ердоған

Президент Ердоған 19 мамыр – Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күніне байланысты жазбаша мәлімдеме жариялады.

Ердоған жолдауында былай деді: «Барша жастарымызды 19 мамыр – Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күнімен құттықтаймын. Елімізде және шетелде тұратын барлық жастарымызға сәлемім мен сүйіспеншілігімді жолдаймын.

Ұлттық күрестің бас қолбасшысы Гази Мұстафа Кемал Ататүрікті және оның серіктерін, әскеріміздің қаһарман мүшелерін құрметпен еске аламын.

Халқымыз үшін жанын пида еткен шейіттерімізді рақыммен еске алып, ардагерлерімізге денсаулық тілеймін».

ҚатыстыTRT Қазақ - Емине Ердоған 19 мамыр мерекесімен құттықтады