ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Емине Ердоған 19 мамыр мерекесімен құттықтады
Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған: «19 мамыр – ең қиын күндердің өзінде үмітін үзбеген ерік-жігердің, тәуелсіздік жолында басталған ұлы күрестің күні», - деді.
Емине Ердоған 19 мамыр мерекесімен құттықтады
Емине Ердоған

Емине Ердоған түрік халқын 19 мамыр – Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күнімен құттықтады.

Емине Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында былай деді:

«19 мамыр – ең қиын күндердің өзінде үмітін үзбеген ерік-жігердің, тәуелсіздік жолында басталған ұлы күрестің күні. Бүгін сол рухты жүрегінде сақтап келе жатқан түрік жастарының ақылмен, ар-ожданмен және батылдықпен болашықты қалыптастыруды тілеймін. 19 мамыр – Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күні құтты болсын».

ҚатыстыTRT Қазақ - Ішкі істер министрі Чифтчи 19 мамырдың тарихи маңызына тоқталды